jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Фото
    Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Ерғали Білісбеков тағайындалды деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Ерғали Дәулетбекұлы 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша мәдени-ағарту жұмысының жетекшісі, экономист, құрылыс маманы.

    Еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласындағы  "Казгалантерейторг" базасында  жұмысшы болып бастаған. 

    1983-1984 жылы Шымкент қаласындағы ОКТУ-38 оқу орнында педагог-тәрбиеші. 

    1984-1988 жылы Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының комсомол комитетінің хатшысы. 

    1988-1990 жылы Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының кафедра меңгерушісінің орынбасары - аға лаборант. 

    1990-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда басшылық еткен. 

    2008-2011 жылы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

    2011-2012 жылы Астана қаласында премьер-министр кеңсесінің ұйымдастыру-жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 

    2012-2014 жылы Астана қаласында премьер-министр кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.  

    2014-2017 ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.

    2017-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

    2018 жылдан осы уақытқа дейін Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген. 

    Қала әкімі Мұрат Әйтенов Бауыржан Мамыталиевке осы күнге дейін атқарған қызметіне алғыс айтып, сәттілік тіледі. 

    Еске сала кетсек, бұған дейін белгiлi тележүргiзушi Майя Бекбаеваның жаңа қызметке тағайындалғанын, сонымен қатар Бекболат Тілеуханның да жаңа құрылған комитетке төраға болғанын хабарлаған едік.

    Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.