jitsu gif
Саясат

    Ернар Баспаев президенттің көмекшісі болып тағайындалды

    Ернар Баспаев
    Ернар Баспаев. Фото: pricom.kz

    Мемлекет басшысының жарлығымен Ернар Баспаев президенттің көмекшісі - Президент әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалсын", - делінген құжатта.

    Ернар Баспаев 1979 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген. Алматы Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі.

    Әр жылдары Әділет министрлігі жанындағы Зияткерлік меншік құқығы комитетінде жұмыс істеген. Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы сынды қызметтер атқарған.

    Айта кетейік, бұған дейін президенттің көмекшісі - Президент әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін Тамара Дүйсенова атқарған болатын.

    Ол мемлекет басшысының жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

    Ернар Баспаев президенттің көмекшісі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.