jitsu gif
Саясат

    Атырау облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

    Махамбет Досмұхамбетов
    Махамбет Досмұхамбетов. Фото: kmge.kz

    Атырау облысының бұрынғы әкімі Махамбет Досмұхамбетов "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды.

    "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқармасының 30 қаңтар мен 1 ақпандағы отырыстарында бірқатар шешім қабылданды.

    Оған сәйкес, 2023 жылдың 31 қаңтарынан бастап Бақытжан Хасановтың "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің бас директоры (басқарма төрағасы) ретінде өкілеттігі тоқтатылды. 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап Мәлік Сәлімгереев "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС бас директоры (басқарма төрағасы) болды.

    Махамбет Досмұхамбетов 1 ақпанда компанияның басқарма мүшесі болып сайланды, сонымен қатар ол "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС бас директорының өндіріс мәселелері бойынша бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

    "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің басқармасының қазіргі құрамы мынадай:

    • Мәлік Сәлімгереев – бас директор (басқарма төрағасы);
    • Махамбет Досмұхамбетов – басқарма мүшесі;
    • Жәнібек Нұғманов – басқарма мүшесі;
    • Асылжан Дәулетов – басқарма мүшесі;
    • Ренат Хайретдинов – басқарма мүшесі;
    • Бақыт Иманбаев – басқарма мүшесі;
    • Рахым Өтеев – басқарма мүшесі.

    Айта кетейік, Махамбет Досмұхамбетов 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін Атырау облысының әкімі болған еді.

    Еске салайық, бұған дейін бұрынғы Экология министрі Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.