jitsu gif
Саясат

    Санжар Әділов Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшысы болды

    Санжар Әділов
    Санжар Әділов. Фото: gov.kz

    Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жеке құрамға Қарағанды облысы полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды. Бұл лауазымға Санжар Әділов тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа порталы.

    Ведомство басшысы Санжар Әскенұлының бірқатар жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мен жоғары кәсіби шеберлігін атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тілеген.

    Сондай-ақ министр осыған дейін Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы болған Ерлан Файзуллинге атқарған жұмыстары үшін алғысын айтып, Қостанай облысындағы жаңа қызметінде сәттілік тілеген.

    Айта кетейік, Санжар Әділов осы тағайындауға дейін Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы қызметін атқарған.

    Бұдан бөлек, 11 мамырда Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының полиция департаментіне жаңа басшылар тағайындалған еді.

    Санжар Әділов Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшысы болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.