jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Белгілі журналист Ержан Байтілес президент баспасөз хатшысының орынбасары болды

    Ержан Байтілес
    Ержан Байтілес. Фото: facebook.com/Берік Уәли

    Белгілі журналист Ержан Байтілес президент баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне кіріскен. Бұл туралы Берік Уәли Facebook-тегі ресми парақшасында мәлімдеді.

    "Белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне кірісті. Ол бұған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып еңбек еткен болатын.

    Әріптесімізге сәттілік тілейміз", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

    Естеріңізге сала кетейік, 12 қыркүйекте Берік Уәли президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалған болатын. Танымал журналист бұған дейін де яғни, 2019 жылғы наурыз бен 2022 жылғы наурыз аралығында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметін атқарған еді.

    Белгілі журналист Ержан Байтілес президент баспасөз хатшысының орынбасары болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.