jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Хабар 24" телеарнасын басқарған Эльдар Бақпаев Тоқаевтың баспасөз хатшысының орынбасары болды

    Эльдар Бақпаев
    Эльдар Бақпаев. Фото: Фото: facebook.com/Берік Уәли

    Эльдар Бақпаев Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

    "Отандық телевизияда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, мемлекеттік қызметте де едәуір тәжірибе жинаған Эльдар Құсманұлы Бақпаев Қазақстан Республикасы президенті баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Ол бұған дейін "Хабар 24" телеарнасының директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!", - деп жазды Берік Уәли.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін белгілі журналист Ержан Байтілес мемлекет басшысының баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалған еді.

    Берік Уәлидің өзі биыл 12 қыркүйекте президенттің баспасөз хатшысы болып қайта тағайындалған болатын. Танымал журналист бұған дейін де яғни, 2019 жылғы наурыз бен 2022 жылғы наурыз аралығында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметін атқарған еді.

    "Хабар 24" телеарнасын басқарған Эльдар Бақпаев Тоқаевтың баспасөз хатшысының орынбасары болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.