jitsu gif
Саясат

    Түркістан облысы патрульдік полиция батальонына жаңа командир тағайындалды

    Қанат Баймурзин
    Қанат Баймурзин. Фото: instagram.com/turkistan_polisia

    Полиция капитаны Қанат Баймурзин Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасына бағынысты патрульдік полиция батальонының командирі болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Қанат Ракишев таныстырды.

    Қанат Баймурзин ішкі істер органдарындағы қызметін 2009 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу саласынан бастап, осы бағытта түрлі басшылық қызметтерде жұмыс атқарған.

    Еске салайық, полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев Түркістан қалалық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған еді. Ал оның бірінші орынбасары қызметін Алмас Мырзахметов атқарады.

    Сондай-ақ полиция майоры Досжан Нұсқабеков Түркістан облыстық ПД тылмен қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып тағайындалғанын жазғанбыз.

    Түркістан облысы патрульдік полиция батальонына жаңа командир тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.