jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Екатерина Смолякова мәжілістің жаңа депутаты болды

    Екатерина Смолякова
    Екатерина Смолякова. Фото: t.me/mazhilis_kz

    Екатерина Смолякова мандатын алып, Respublica партиясынан мәжілістің жаңа депутаты болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Екатерина Смолякова мәжілістің жаңа депутаты атанды. Ол – Respublica партиясы фракциясының өкілі. Бүгін ол мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды", - делінген мәжілістің Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

    Айта кетейік, Екатерина Смолякова бұған дейін өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Руслан Берденовтің орнына келді. Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

    Respublica партиясының Орталық аппарат басшысының кеңесшісі Ришат Асқарбекұлының хабарлауынша, Екатерина Смолякова Талдықорғандағы Жансүгіров университетінің түлегі.

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қоғамдық жұмысқа ерте араласқан. KBTU Empowerment әйелдер клубын басқарады және Алматы облыстық №1 балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы. Кейінгі қызметі ҚБТУ проректоры.

    Екатерина Смолякова мәжілістің жаңа депутаты болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.