jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры тағайындалды

    Маждай Ахметов
    Маждай Ахметов. Фото: t.me/kmgpress

    Маждай Ахметов Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаздың" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ның ("ПМХЗ" ЖШС) жалғыз қатысушысы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ шешімімен зауыттың бас директоры (басқарма төрағасы) қызметіне Маждай Мағауияұлы Ахметов тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Жаңа бас директорды кәсіпорын ұжымына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов таныстырған.

    Маждай Ахметов еңбек жолын 2010 жылы "ПМХЗ" ЖШС-де технологиялық қондырығылар операторы болып бастаған.

    Бұл тағайындауға дейін "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер қызметін атқарған.

    ҚМГ басшысы ПМХЗ-ның жаңа бас директорына өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің барлық талабын сақтай отырып, зауыттың тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, кәсіпорынның операциялық тиімділігін арттыру, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру, соның ішінде дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау және кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшу бойынша нақты тапсырмалар берген.

    Айта кетейік, бұған дейін "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ны басқарған Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды.

    Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.