jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    QazaqGaz-дың бұрынғы басшысы Санжар Жаркешов энергетика вице-министрі болды

    Санжар Серікбайұлы Жаркешов
    Санжар Серікбайұлы Жаркешов. Фото: primeminister.kz

    QazaqGaz ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Санжар Жаркешов энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Санжар Серікбайұлы Жаркешов энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Санжар Жаркешов 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Техас университетін (АҚШ) бітірген.

    Еңбек жолын 2008 жылы "Мұнай және геожүйе инжинирия орталығында" зерттеуші инженер болып бастаған.

    2010-2016 жылдары Калифорния, Колорадо және Техас штаттарында (АҚШ), сондай-ақ Атырау облысында Exxon Mobil корпорациясының бұрғылау инженері, Иракта бұрғылау жөніндегі аға инженер, Ресей Федерациясында (Сахалин аралы) бас бұрғылау инженері, Атырау қаласындағы "Қашаған" жобасының мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында аға жобалау инженері болған.

    2016-2018 жылдары – MERLIN ERD LTD компаниясының кәсіпшілік супервайзерлерінің басшысы және бұрғылау жөніндегі жетекші инженері.

    2018-2019 жылдары – Колумбия, Оман, РФ, Аляска штаты, АҚШ және Ұлыбританиядағы жобаларда McKinsey and Company Лондон кеңсесінде мұнай-газ өнеркәсібінің басқарушы консультанты және жаһандық сарапшысы.

    2019-2020 жылдары – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

    2020-2022 жылдары – "Нафтогаз УГВ" бас директорының геология және барлау жөніндегі орынбасары – Украина Нафтогаз "Барлау және Өндіру" дивизионы директорының орынбасары.

    2022 жылғы наурыз айынан бастап бүгінге күнге дейін QazaqGaz ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған.

    Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов QazaqGaz басшысы болып тағайындалғанын хабарлаған едік.

    QazaqGaz-дың бұрынғы басшысы Санжар Жаркешов энергетика вице-министрі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.