Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды
Жарияланған күні:
Дәурен Сәлімбаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Ниязбекұлы Сәлімбаев Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Сәлімбаев бұған дейін Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаментінің директоры болған.
Айта кетелік, 4 қыркүйекте президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс жасаған еді.
Ол кезде мемлекет басшысы Тимур Әбілқасымовты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындаған болатын.
Әбілқасымов бұл қызметте Нұрлан Әбдірахмановты алмастырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2287686-toqaev-qarzhy-narygyn-retteu-zhane-damytu-agenttigi-toragasynyng-orynbasaryn-tagaiyndady/