Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Опубликовано:
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Берікбол Мәндiбаев қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Берікбол Мәндiбаев 1986 жылдың 12 наурызында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Ұлыбританиядағы University of Exeter оқу орнын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласы әкімінің аппараты құрылымында қызмет атқарған.
2017-2024 жылдары бірқатар мемлекеттік орган мен ұлттық компанияда еңбек еткен: "Алматы" ӘКК" АҚ, "Kazakh Invest ҰК" АҚ-ның Алматы қаласы бойынша өкілдігі, "Тараз" ӘКК" АҚ.
Сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарған.
2024 жылдан бүгінге дейін Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры болған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматының Бостандық ауданына жаңа әкім тағайындалғанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2304234-almaty-qalasynyng-kasipkerlik-zhane-investitsiialar-basqarmasyna-zhanga-basshy-tagaiyndaldy/