jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысын тағайындады

    Нұрлан Кәрібаев
    Нұрлан Кәрібаев. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікбайұлы Кәрібаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Нұрлан Кәрібаев 1978 жылы 13 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын "мотоатқыштар әскерлерін басқару тактикасы" мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетін "әскери және әкімшілік басқару" бағыты бойынша, сондай-ақ Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдаған.

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мотоатқыш взводының командирінен бастап, әртүрлі гарнизондардағы әскери бөлімдердің командиріне дейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    Жаңа лауазымына дейін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы болған.

    "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

    Естеріңізге сала кетейік, наурыздың соңында президент "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болған Бауыржан Артықовты қызметінен босатты.

    Тоқаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысын тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.