Тоқаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын лауазымынан босатты
Жарияланған күні:
Бауыржан Шұбайұлы Артықов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.
Еске сала кетейік, биыл 17 ақпанда Бейнеу полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде Құрлық әскерлері "Батыс" өңірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі мерт болды.
Сарбаз қаруды пайдалану барысында оқ жарақатын алған.
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді.
Сондай-ақ қаза тапқан сарбаздың өлімі бойынша қозғалған істің тергелу барысын Бас прокуратура бақылауға алғанын хабарлағанбыз.
Бұдан бөлек биыл 12 наурызда Атырау облысындағы полигондардың бірінде қайғылы жағдай болған еді. Сарбаздардың бірі жаттығу кезінде оқ жарақатын алып, көз жұмды. Алдын ала дерек бойынша бұл жайт қаруды ұқыпсыз пайдалану салдарынан болған.
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша жан-жақты әрі әділ тексеріс жасау үшін оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары бастаған арнайы комиссия жіберілді.
Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның бақылауында екені хабарланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2359170-toqaev-batys-ongirlik-qolbasshylygy-askerlerining-qolbasshysyn-lauazymynan-bosatty/