Айбек Дәдебай жаңа партия төрағасы болып сайланды
Жарияланған күні:
Астанада өтіп жатқан "Әділет" партиясының құрылтай съезінде партия төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды, деп хабарлайды Kazinform.
Агенттік мәліметінше, Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы "Әділет" партиясының төрағасы болып сайланды.
Партияның Instagram желісіндегі парақшасының хабарлауынша, бүгін еліміздің әрбір өңірінен келген делегаттар партияның ресми қызметін бастауға қатысты маңызды шешімдер қабылдау үшін бас қосты.
"Съезд аясында партияның бағдарламасы мен Жарғысы бекітіліп, жетекші органдары айқындалады.
Съезге еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық делегат қатысып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 5 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайды қызметінен босатқаны хабарланды.
Бұрын премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Айбек Дәдебай 2024 жылдың ақпанында Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2374137-aibek-dadebai-zhanga-partiia-toragasy-bolyp-sailandy/