Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағы кім үміткер болды
Жарияланған күні:
Қызылорда облысының әкімі лауазымына Мұрат Ергешбаевпен бірге тағы кім үміткер болғаны белгілі болды, деп хабарлайды үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысқан.
Жиын барысында мемлекет басшысының Қызылорда облысының әкімі лауазымына екі кандидатты: Ардақ Зебешев және Мұрат Ергешбаевты ұсыну туралы хаты оқылған.
Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша депутаттардың 81 пайызы Мұрат Ергешбаевтың кандидатурасын қолдаған. 19 пайызы Ардақ Зебешевке дауыс берген.
ҚР президентінің тиісті жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып Мұрат Ергешбаев тағайындалған.
Айта кетейік, бұл қызметте Мұрат Ергешбаев жақында Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған Нұрлыбек Нәлібаевты алмастарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2374425-qyzylorda-oblysynyng-akimi-lauazymyna-tagy-kim-umitker-boldy/