Тоқаев Абай Алтай мен Ербол Адаевты қызметінен босатты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Алтай мен Ербол Адаевты қызметінен босату туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Ақорданың Telegram-арнасында хабарлағандай, мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ президент өкімімен Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Еске салсақ, бүгін 27 тамызда Тоқаев Дархан Ахмедиевті қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатқанын жазған едік.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісін қызметінен босатты.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2419079-toqaev-abai-altai-men-erbol-adaevty-qyzmetinen-bosatty/
