jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Аида Балаева Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

    Аида Балаева
    Аида Балаева. Фото: gov.kz

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды. Ол Аида Балаеваны еліміздің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Аида Балаева 2023 жылдың қыркүйегінен бері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары болып та жұмыс істейді.

    Қазақстан үкіметіндегі тағайындаулар

    Еске сала кетейік, бүгін Құрылтайдың пленарлық отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Кариннің кандидатурасын вице-президент қызметіне ұсынды. Құрылтай депутаттары оның кандидатурасын қолдады.

    Сондай-ақ Тоқаев Құрылтайдың пленарлық отырысында Олжас Бектеновті премьер-министр қызметінде қалдыруды ұсынды. Депутаттар ұсынылған кандидатураны мақұлдады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram