Тоқаев Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысын тағайындады
Жарияланған күні:

Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада
Бүгін сондай-ақ Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығын тағайындады. Бұл лауазымға Айтқұрман Омарбеков келді.
Ал Азамат Есқараев Президент әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2438173-toqaev-airyqsha-maqsattagy-kushterding-qolbasshysy-tagaiyndady/
