jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Самұрық-Энерго" АҚ басқармасына жаңа төраға тағайындалды

    Аңсар Айдаров
    Аңсар Айдаров. Фото: samruk-energy.kz

    "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма шешімімен Аңсар Айдаров "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов компания ұжымына жаңа басшыны таныстырып, кеңес өткізді. Кеңес барысында ол негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, электр станцияларын уақытылы іске қосуды қамтамасыз етуді талап етті.

    Аңсар Айдаров 2013 жылдан бері "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында жұмыс істейді. Бұған дейін "Жетісу энергиясы" ЖШС бас директоры, "Самұрық-Энерго" АҚ жобалық офисінің басшысы және инвестициялар жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарған.

    Еске сала кетейік, 28 қазанда "Самұрық-Энерго" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қайрат Мақсұтовтың қызметінен босатылғаны белгілі болды.

    Үкіметтің баспасөз қызметі бұл шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының баяу жүруіне, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына бақылаудың жеткіліксіз болуына байланысты қабылданғанын мәлім етті.

    Сондай-ақ үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" басшысы Қайрат Мақсұтовтың қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді.

    Премьер-министрдің сөзінше, оған бірнеше рет ескерту жасалғанымен, ол тиісті қорытынды шығарған жоқ.

    "Сондықтан президент тарабынан қатаң сын айтылды, содан кейін тиісті шешім қабылданды", - деді Олжас Бектенов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram