jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Тоқаев Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді

    : UGC

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық тергеу изоляторында қамауда отырған азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл мәселе мемлекет басшысының Informburo.kz порталына берген ауқымды сұхбатының барысын қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Дулат Ағаділ. Фото: instagram.com/dulatagadil
    Дулат Ағаділ. Фото: instagram.com/dulatagadil: UGC

    Президентпен сұхбат барысында журналист соңғы кезде қоғамда қызу талқыланып жатқан қазақстандық белсендінің өліміне қатысты сұрақ қойды.

    Ақпарат өкілі Дулат Ағаділдің тергеу изоляторында өткір жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болғаны жайлы ресми мәлімдемеге сенбейтіндер бар екенін айтып өтті. Ол мемлекет басшысынан аталмыш жағдайға қатысты пікір білдіруін сұраған.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, белсендінің өлімі қоғамда ауқымды резонанс тудырған. Президент іс материалдарымен толықтай танысып шыққанын жеткізді.

    "Өкінішке орай, белсенді Ағаділ жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінің нәтижесінде қайтыс болды деп сенімді түрде айта аламын. Басқаша айту - шындыққа қарсы шығу" , - деді ол.
    Тоқаев Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді
    Тоқаев Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді: UGC

    Тоқаев ер адамның қандай көзқараста болғаны маңызды емес екенін алға тартып, біріншіден, оны адам ертінде қабылдау керектігін айтты. Оның сөзінше, әр адамның өмірі аса құнды.

    Мемлекет басшысы Дулат Ағаділдің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

    Айта кетейік, ертең Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл Қазақстанды дүрсілкіндірген тәртіпсіздіктер орын алған Қордай ауданына барады. Президент ауыл тұрғындарымен кездеспек.

    Оған қоса, Тоқаев коронавируске қатысты пікір білдіріп, Қазақстанда оның алдын алу үшін қандай шара қолданылып жатқанын айтты.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Тоқаев Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.