jitsu gif
Саясат

    Зеленский Украинаның алты қаласына "Қаһарман қала" атағын берді

    Зеленский суреті
    Фото: www.instagram.com/zelenskiy_official

    Украина президенті Владимир Зеленский өз Жарлығымен алты қалаға – Харьков, Чернигов, Мариуполь, Херсон, Гостомель және Вольновахаға "қаһарман қала" атағын берді.

    Тиісті Жарлықтан үзіндіні Kharkiv Today жариялады.

    "Ресей Федерациясының Украинаға қарсы қарулы қақтығысына тойтарыс беру жолында өз қалаларын қорғауда азаматтардың көрсеткен ерлігін, қаһармандығын және төзімділігін марапаттау мақсатында қаулы етемін:

    • "Украинаның қаһарман қаласы" құрметті белгісін белгілеу;
    • Вольноваха, Гостомель, Мариуполь, Харьков, Херсон, Чернигов қалаларына йУкраинаның қаһарман қаласый құрметті белгісі берілсін", - делінген ресми құжатта.

    Аталған Жарлық туралы Зеленский өзінің бейне-үндеуінде мәлімдеді. Оның сөздерінің украин тілінен аудармасын РБК Украина жариялады.

    Басылым атап өткендей, Украинадағы қаһарман қала – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаһармандық қорғанысымен танымал болған төрт қалаға берілген ең жоғары белгі.

    Свежая публикация по теме:
    Путин Украинаға 15 мамырда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

    Бұл атақ мына қалаларға берілген:

    • Одесса;
    • Севастополь;
    • Киев;
    • Керчь.
    Зеленский Украинаның алты қаласына "Қаһарман қала" атағын берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.