jitsu gif
Саясат

    Жамбыл облысы әкімінің экс-орынбасары Amanat партиясының хатшысы болды

    Дәулет Кәрібек
    Дәулет Кәрібек. Фото: t.me/AMANATPartiyasy

    Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партия ресми Telegram каналында хабарлады.

    Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Саясаттану" мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы.

    2009 жылдан бастап Jas Otan жастар қанатында түрлі лауазымдарды атқарған.

    2019 жылы Jas Otan жастар қанатын басқарып, президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.

    Сондай-ақ, ол "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысы және Amanat партиясының елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған.

    Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

    Еске сала кетсек, 1 наурызда өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын Amanat деп өзгертуді ұсынған болатын. Президент бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

    Кейінірек, Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның атауы ресми түрде Amanat деп өзгертілгенін хабарлап, жаңа логотипті жария етті.

    2 наурызда Nur Otan партиясы Amanat партиясы ретінде қайта тіркелді.

    Сондай-ақ, 10 наурызда Ринат Кертаев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалған еді.

    Жамбыл облысы әкімінің экс-орынбасары Amanat партиясының хатшысы болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.