jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қаңтар оқиғасы: Қаза тапқандар саны 232 адамға жетті

    Алматы
    Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәжіліс кулуарында Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде қанша адам қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам қайтыс болды", - деді Әсет Шындалиев.

    Ол сондай-ақ тағы 6 адамның азаптаулардан кейін көз жұмғанын растады.

    "15 адам күдікке ілінді (қаңтар оқиғасынан кейін азаптағаны үшін – ред.), 9 қызметкер қамауға алынды. (Оның ішінде - ред.) 8 адам - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері, біреуі - Ішкі істер министрлігінің өкілі", - деп сөзін қорытындылады ол.

    Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов мәжілісте қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болғандар туралы сауалға жауап берген еді.

    Сол кезде ол 230 адамның көз жұмғанын, оның 19-ы әскери мен күштік құрылым қызметкері екенін айтты.

    Қаңтар оқиғасы: Қаза тапқандар саны 232 адамға жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.