jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Таңдау жасадық": Министр Саясат Нұрбек дауыс беруге жұбайымен бірге келді

    Саясат Нұрбек жұбайымен дауыс беруде
    Саясат Нұрбек жұбайымен. Фото: facebook/sayasat

    Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беруге келген шенеуніктер қатарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Министр дауыс беруге әйелімен бірге келіп, Facebook парақшасында жазба қалдырды.

    "Бүгін ел қатарлы сайлау учаскесіне барып, жұбайым екеуміз дауысымызды бердік. Ел ертеңі үшін өз таңдауымызды жасадық. Себебі сайлауда әркімнің дауысы маңызды деп есептеймін.

    Туған еліміз - Қазақстанымыздың ішкі мәселелерін сырттан ешкім шешпейтінін, мемлекетімізді бізден басқа ешкім дамыта алмайтынын мойындайық. Барлығы өз қолымызда.

    Өз елінің саналы, кемел, белсенді азаматы болу – нағыз патриотизмнің көрсеткіші. Бұл үлкен жауапкершілік", - дейді Саясат Нұрбек.

    Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:05-тегі жағдай бойынша ел азаматтарының 51,16 пайызы дауыс берген.

    "Таңдау жасадық": Министр Саясат Нұрбек дауыс беруге жұбайымен бірге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.