jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда тіркелген саяси партиялардың саны неше

    Ер адам қағазға қол қоюда
    Ер адам қағазға қол қоюда. Көрнекі фото: Рexels.com

    Бүгін Әділет министрлігінде тағы бір саяси партия – Respublica партиясы қоғамдық бірлестігі тіркелді. Сонымен, елімізде ресми түрде тіркелген партиялардың саны жетеу, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әділет минстрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің мәліметінше, Respublica партиясын тіркеуге 2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ "Саяси партиялар туралы" Заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болған.

    Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеріліп, тіркеу талаптарына сай деп танылған.

    Осыған орай, 2023 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 7 саяси партия тіркелген:

    • Amanat партиясы;
    • "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық партиясы;
    • Қазақстан Халық партиясы;
    • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
    • "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия";
    • "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы;
    • Respublica партиясы" қоғамдық бірлестігі.

    Еске салсақ, бұған дейін Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Хожаназаров өзінің Facebook парақшасында партияның ресми түрде тіркелгенін хабарлаған еді.

    Қазақстанда тіркелген саяси партиялардың саны неше

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.