jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев еліміз бойынша жылу құбырларындағы ахуал жайлы: Жағдай өте ауыр

    Президент Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысуда
    Президент Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысуда. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Президенттің сөзінше, жалпы еліміз бойынша және осы Қостанай облысында да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр.

    "Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын.

    Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Қызметкер президентке қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндауда
    Қызметкер президентке қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндауда. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.

    Тоқаев еліміз бойынша жылу құбырларындағы ахуал жайлы: Жағдай өте ауыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.