jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Си Цзиньпинді ҚХР төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

    Си Цзиньпин және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Си Цзиньпин және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    "Өткен "екі сессия" қорытындысы бойынша қабылданған маңызды шешімдер мен сіздің парасатты саясатыңыз халқыңызды биік құндылықтарға жетелеп, Қытайдың болашағын жарқын, ал дамуын баянды етуде мызғымас негіз болатынына нық сенімдімін.

    Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз байланыстардың ауқымы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанын аса ризашылықпен атап өтемін. Осы жетістіктеріміз сіздің қосып отырған сүбелі үлесіңіз бен жеке қолдауыңыздың нәтижесі деп білемін.

    Былтыр қыркүйекте Қазақстанға жасаған нәтижелі сапарыңыз ықпалдастығымыздың келесі "30 жылдық алтын дәуіріне" жол ашқаны ерекше қуантады", – деп жазылған жеделхатта.

    Президент Қытай төрағасының игі бастамаларына сәттілік, жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Қытай халқына құт-береке тіледі.

    Айта кетейік, бүгін Си Цзиньпин үшінші мерзімге Қытай Халық Республикасының басшысы болып сайланды.

    Тоқаев Си Цзиньпинді ҚХР төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.