jitsu gif
Саясат

    Қазақстанда сарбаздарға несие беруге тыйым салу ұсынылды

    сарбаздар
    Сарбаздар. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Сенат депутаты Жанна Асанова комитет отырысында Қазақстандағы сарбаздардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар шараларды, соның ішінде оларға несие беруге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Отырыста Жанна Асанова әскерге шақырылғандардың несиесі көптігін айтып, мәселе көтерді.

    "Сіздер (Қорғаныс министрлігінің өкілдеріне қарата - ред.) банктермен меморандумға қол қойылды дедіңіздер, бірақ меморандум декларативті болып табылады. Мүмкін, оны құқықтық өріске ауыстырып, әскери борышын өтеу кезінде несиелерді төлемеу құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту керек шығар.

    Сонымен қатар екінші ұсыныс – әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға қызмет кезінде несие алуға тыйым салу. Сарбазға үлкен сомадағы несиелер ресімделген жағдайлар бар. Біз мұның себептерін және не үшін жасалатынын білеміз. Бізде әлімжеттік көрсету бар", – дейді ол.

    Депутат сондай-ақ әскердегі қылмыстарды жасырып қалғаны үшін әскерилер арасындағы жауапкершілікті арттыру, әскерге шақыру жасын арттыру, сонымен қатар жерлестік қағидаты бойынша әскерге шақыру және бөлімдер құру қажеттігін атап өтті.

    Айта кетейік, бұған дейін депутат Геннадий Шиповских сарбаз қайтыс болған немесе мүгедек болып қалған жағдай орын алса, онда оқыс жағдай болған бөлімдердің бірінші басшыларын жауапқа тартуды ұсынған еді.

    Қазақстанда сарбаздарға несие беруге тыйым салу ұсынылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.