jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық әскерилер 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа қатыса ма

    Әскери оқу-жаттығу
    Әскери оқу-жаттығу кезі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    ОКҚ өткен брифингте Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының өкілі 9 мамыр Жеңіс күні Мәскеуде өтетін парадқа қазақстандық әскерилер қатыса ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мәскеудегі парадқа қатысу мәселесіне келсек. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық аясында бұл мәселе әзірге күн тәртібінде тұрған жоқ", – деді Қазақстан Қарулы күштерінің Бас штаб департаменті бастығының орынбасары Дәурен Абдуллин.

    Еске салсақ, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі биыл елімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңіс күні мейрамына орай әскери шеру өтпейтінін хабарлаған болатын. Оны министрлік бюджет қаражатын үнемдеу және басқа да міндеттерді шешу қажеттігімен түсіндірген.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысатыны белгілі болған еді.

    Қазақстандық әскерилер 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа қатыса ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.