jitsu gif
Саясат

    Мереке Құлкенов Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды

    Мереке Құлкенов
    Мереке Құлкенов. Фото: Жазушылар одағының баспасөз қызметі

    Бүгін Алматыда Жазушылар одағының XVI құрылтайы өтті. Онда одақтың жаңа төрағасы болып Мереке Құлкенов сайланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Құрылтайда алдымен ақын - жазушылардың мәселелері айтылды. Артынша 103 басқарма мүшесі таңдалып, олар жабық залда одақтың жаңа төрағасын сайлады.

    Қазақстан жазушылар одағының төрағасы болып Мереке Құлкенов сайланды. Басқа кандидат болған жоқ. Дауыс бергендер тек басқарма мүшелері болды.

    Ал Нұржан Қуантай - одақ төрағасының бірінші орынбасары, Бауыржан Жақып - екінші орынбасары, Қасымхан Бегманов - үшінші орынбасары, Ғалым Қалибек - төртінші орынбасары. Бейбіт Сарыбай - бесінші орынбасары болды.

    Айта кетейік, қаламгерлердің қоғамдық бірлестігін 2018 жылдан бастап ақын Ұлықбек Есдәулет басқарды. Ұлықбек Есдәулет Қазақстан Жазушылар одағы төрағасы қызметінен өз еркімен кетті. Ол жаңа төрағаны сайлауда өз кандидатурасын алып тастады.

    Бұған дейін Жазушылар одағының төрағалығына үміткер ретінде тіркелген Думан Рамазан мен Жүсіпбек Қорғасбек бас тартқан еді. Жаңа сайланған Мереке Құлкенов экс-төрағаның орынбасары болатын. Бүгінде Жазушылар одағының 970 мүшесі бар. Оның 525-сі құрылтайға қатысты.

    Автор: Дана Мұхарбек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.