jitsu gif
Саясат

    Ауруханаға түсіп қалған Талдықорған әкімінің қазіргі жағдайы қалай

    Асет Масабаев. Фотопортрет
    Асет Масабаев. Фото: facebook.com/almaty.gov.kz

    Таяуда ауруханаға түскен Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев қазіргі жағдайы туралы айтты. Әкім келесі аптада жұмысқа қайта шыгуға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Денсаулығым қалыпқа келді. Шынымен де, 4-5 мамырда аурудың асқынуы болды. Ишемиялық ұстама болды дейді. Микроинсульт. Қазір бәрі қалыпты, бәрі жақсы. Жағдайым түзеліп келеді. Уайымдап жатқандарыңызға, рахмет. Келесі аптада жұмысқа оралуды жоспарлап отырмын. Барлығыңызға рахмет!", - деп жауап берген Әсет Масабаев телефон арқылы сөйлескенде.

    Айта кетейік, осыған дейін Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған едік. Әкімді жұмыс орнынан жедел жәрдем көлігі алып кеткені және микроинсульт алып, ауруханаға жатқызылғаны белгілі болған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.