jitsu gif
Саясат

    Тоқаев ел тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

    Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

    "Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Режеп Тайип Ердоғанды Түркия президенті болып сайлануымен құттықтаған еді.

    Тоқаев ел тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.