Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ұлықтау рәсімінде Ердоғанды Түркия президенті болып сайлануымен құттықтады (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды құттықтауда
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды құттықтауда. Видеодан кадр: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Режеп Тайип Ердоғанды Түркия президенті болып сайлануымен құттықтады. Өз кезегінде түрік басшысы да алғысын білдірген. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Режеп Тайип Ердоған мемлекет басшысына ұлықтау рәсіміне арнайы келгені үшін алғысын айтқан.

"Түркі елдерінен Қазақстан президентіне ұлықтау рәсіміне қатысқаны үшін шынайы ризашылығымды білдіремін", - дейді Ердоған.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысу үшін "Кулие" сарайына келгені хабарланған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевты президент резиденциясында Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қарсы алған.

Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсімі

Айта кетейік, жексенбі, 28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтіп, сайлау қорытындысы бойынша Режеп Тайип Ердоған 52,14 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді.

1 маусымда Ердоған ресми түрде президенттік сайлаудың жеңімпазы деп танылып, Түркия президенті ретінде қайта сайланды.

Президентті ұлықтау рәсімі 3 маусымға бекітілді.

Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі президент 3 маусымда Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Анкараға баратынын хабарлады. 3 маусымда мемлекет басшысы ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Түркия астанасына келді.

Ердоғанның Түркия президенті ретінде халқына ант беру салтанатты рәсімі Анкарадағы түрік парламентінің ғимаратында өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2023266-toqaev-ulyqtau-rasiminde-erdogandy-turkiya-prezidenti-bolyp-sailanuymen-quttyqtady-video/