jitsu gif
Саясат

    Тоқаев электрлі самокаттарға қатаң шектеу енгізетін заңға қол қойды

    Аялдама маңында тұрған электрлі самокат
    Электрлі самокат. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев электрлі самокат көлік құралы ретінде танылатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада.

    Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

    Еске салсақ, бұған дейін Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев электрлі самокаттардың қозғалысын реттеу үшін қолданылатын жол қозғалысының жаңа белгісі пайда болатынын айтқан болатын.

    Сондай-ақ полицейлердің электрлі самокаттардың жылдамдығын қалай бақылайтыны туралы айтылды.

    Тоқаев электрлі самокаттарға қатаң шектеу енгізетін заңға қол қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.