jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев күні кеше елші болып тағайындалған Мұхтар Тілеубердіге бірқатар тапсырма берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхтар Тілеуберді
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхтар Тілеуберді. Фото: aqorda.kz

    Мемлекет басшысы Қазақстанның Аустриядағы елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалған Мұхтар Тілеубердіні қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

    Кездесу барысында президент Аустриямен және Венадағы салалық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өткен.

    Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатқа Қазақстанның серіктес мемлекеттермен екіжақты және көпжақты форматтағы өзара қарым-қатынастарын нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берген.

    Еске салсақ, 14 тамызда бұрынғы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Аустриядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.