jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев еңбек ардагері Елеусін Сағындықовпен кездесті

    Президент және Елеусін Сағындықов
    Президент және Елеусін Сағындықов. Фото: t.me/agorda_resmi

    Президент мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады. Олар елдің дамуы жөнінде пікір алмасты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ жылдар бойы әртүрлі жоғары лауазымды мемлекеттік қызмет атқарған еңбек ардагері Елеусін Сағындықовпен кездесіп, елдің дамуы жөнінде пікір алмасты.

    Елеусін Сағындықов президенттің бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформаларға қолдау білдірді.

    Сондай-ақ мемлекет басшысының биылғы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда өңірлердің дамуындағы басымдықтарды айқындауға, сондай-ақ жергілікті және орталық атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

    "Алаш айнасы" сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов 1947 жылы 1 мамырда Ақтөбе облысында дүниеге келген.

    Ақтөбе педагогикалық институтын математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол экономика ғылымдарының докторы.

    1992 жылдан 1994 жылға дейін - Қазақстан Республикасы білім министрінің орынбасары.

    1994 жылдан 1995 жылға дейін - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

    1996 жылдан 2002 жылға дейін - Ақтөбе қаласының әкімі.

    2002 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитеттің мүшесі.

    2004-2011 жылдары - Ақтөбе облысының әкімі. Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылым депутаттығына кандидат.

    2012 жылдан бастап Ақтөбе облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.

    Тоқаев еңбек ардагері Елеусін Сағындықовпен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.