jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Қазақстанға ресми сапармен келді (видео)

    ХДФ президенті Мариус Визер
    ХДФ президенті Мариус Визер. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Мариус Визерді елордадағы халықаралық әуежайдан туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі Алмас Әлсенов және Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қарсы алды.

    ХДФ президенті елімізге сапары барысында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын, көпсалалы "Барыс Арена" спорт кешенін аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстанның даңқты спортшыларымен, жаттықтырушыларымен кездесіп, дзюдо спортының дамуы мен болашағы туралы пікір алмасады.

    "М.Визердің Қазақстанға келуі отандық дзюдо үшін аса маңызды оқиға. Қазіргі таңда қазақстандық дзюдошылар халықаралық аренада көптеген жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионаты мен Олимпия ойындарында жүлде алып жүр", - делінген министрліктің хабарламасында.

    Еске салайық, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Будапештте халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесу өткізген еді. Екі тарап 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келген болатын.

    Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Қазақстанға ресми сапармен келді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.