jitsu gif
Саясат

    Тәуелсіздік күніне орай Астанада отшашу бола ма: әкімдік өкілдері жауап берді

    Отшашу
    Көрнекі фото: pixabay

    Астана әкімдігі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні елордада ондаған мерекелік шаралар өтетінін хабарлады. Әкімдік өкілдері отшашу бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әкімдік мәліметінші, Астанада Тәуелсіздік күніне орай 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара, оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтеді. Ал отшашу бұл күні болмайды.

    Мемлекеттік органдардың ресми сайтындағы мәлімет бойынша 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдағаны туралы айтылған. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы посткеңестік кеңістікте өзінің мемлекеттік егемендігін жариялаған ең соңғы одақ болды.

    Айта кетейік, 25 қазан Республика күні мерекеге орай Астанада отшашу болды. Оны елорда тұрғындары триатлон саябағынан тамашалады.

    Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанда аптасына бес күндік жұмыс істейтіндер 14, 15, 16 желтоқсан күндері, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады.

    Тәуелсіздік күніне орай Астанада отшашу бола ма: әкімдік өкілдері жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.