jitsu gif
Саясат

    Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы бұрынғы президент резиденциясының орнына не салынатынын айтты

    Каспий
    Ақтау қаласы. Фото: akorda.kz

    Ақтауда бұрынғы президент резиденциясының орнына стадион, үлкен мешіт, балалар алаңқайлары салынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлім етті, деп хабарлайды Lada.kz.

    Ақтаудағы бұрынғы президент резиденциясының орнындағы жер учаскесін сату мәселесі бойынша Маңғыстау облысының әкіміне тұрғындармен кездесуде сұрақ қойылды.

    Аймақ басшысының айтуынша, ауданы 225 гектар жер телімінде 10 мың орындық стадион, мешіт, балалар алаңы, сондай-ақ шағын ауданның дамуына ықпал ететін нысандар салу жоспарланған.

    "Аумақ қазірдің өзінде қаланың бас жоспарына енгізілген, "Самал" шағын ауданында орналасқан жер телімі 2023 жылдың жазында мемлекет меншігіне қайтарылған болатын. Аумақтың болжамды құны шамамен 1 млрд теңгені құрады", - деді әкім.

    Айта кетейік, 2024 жылы Маңғыстау облысының шекарасын тағы да кеңейту жоспарланған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.