Кремль Путин Назарбаевпен кездескенін хабарлады
Опубликовано:
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстаннның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Ресейде кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Владимир Путин Ново-Огарево қаласында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.
Кремльдің ресми сайтында кездесуден фото жарияланды.
Алайда кездесудің мазмұны мен талқыланған мәселелер жөнінде қосымша ақпарат берілген жоқ.
Айта кету керек, былтыр желтоқсан айында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізген еді. Ақпаратты Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2200544-putin-nazarbaevpen-kezdesti/