jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Премьер-министр Ішкі істер министрлігі басшысына тапсырма берді

    Премьер
    Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

    Үкімет басшысы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Ішкі істер министрлігіне есірткіге қарсы жұмысты күшейту міндетін қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Үкіметтің Telegram-дағы ресм арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне есірткіге қарсы күресті күшейту үшін қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін талдау міндетін қойды.

    Бүгінгі таңда тыйым салынған заттарды тұтыну деңгейі төмендемей отырғаны атап өтілді, бұл ретте таралу тәсілдері кеңейіп кеткен. Әсіресе түнгі клубтарда есірткіні насихаттау және сату белсенді жүргізілуде. Оны таратуға 14 жасқа дейінгі балалар қатыса бастаған.

    "Әлеуметтік желілер арқылы оңай сатып алуға болатын есірткінің жаңа түрлері пайда болуда. Осыған байланысты Ішкі істер министріне жауапты бөлімшелердің жұмысын қатаң түрде бағалауды және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Еске салсақ, бұған дейін Астана тұрғыны есірткі қылмысы үшін сотталған күйеуіне тыйым салынған заттарды өткізгісі келді деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.

    Премьер-министр Ішкі істер министрлігі басшысына тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.