jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мемлекет басшысының бұрынғы кеңесшісі Kazenergy төрағасы болып сайланды

    Болат Ақшолақов
    Болат Ақшолақов. Фото: primeminister.kz

    Бүгін Kazenergy қауымдастығының басшылығындағы кадрлық өзгерістерге қатысты кезектен тыс жиналыс өтіп, жаңа төраға сайланды. Болат Ақшолақовтың кандидатурасын Kazenergy қауымдастығына мүше барлық компания бірауыздан қолдады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға қауымдастық құрамына кіретін компаниялардың басшылары қатысты.

    Кеше мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалған Мағзұм Мырзағалиев Kazenergy төрағасы ретіндегі өкілеттігінің тоқтатылғаны туралы хабарлап, осы лауазымға Болат Ақшолақовтың кандидатурасын ұсынды.

    "Болат Оралұлы "ҚазМұнайГаз", "Қазатомөнеркәсіп", "Самұрық-Қазына" сияқты ірі ұлттық компаниялардағы басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Ол сондай-ақ энергетика министрі және мемлекет басшысының кеңесшісі сияқты жоғары мемлекеттік қызметтерді атқарды. Сонымен қатар Болат Оралұлы біздің қауымдастықты екі рет бас директор ретінде басқарды және оның есімі кәсіби ортада кеңінен танымал", - деді Мағзұм Мырзағалиев.

    Болат Ақшолақовтың кандидатурасын Kazenergy қауымдастығына мүше барлық компания бірауыздан қолдады.

    Жиналысқа қатысушылар сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиевке еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірген.

    Еске сала кетейік, кеше, 13 ақпанда мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті атқарған Болат Оралұлы Ақшолақов лауазымынан босатылды.

    Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан президенті әкімшілігінің өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

    Мемлекет басшысының бұрынғы кеңесшісі Kazenergy төрағасы болып сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.