jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

    Қауіпсіздік кеңесінің отырысы
    Қауіпсіздік кеңесінің отырысы. ФОто: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралған.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы Қарулы күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берген.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің отырысы былтыр қыркүйекте өткен еді.

    Ол кезде мемлекеттің әскери әлеуетін арттыруға байланысты ұсынылған тәсілдер және армияны заманауи қарумен, әскери техникамен, соның ішінде отандық қорғаныс кешені кәсіпорындары шығарған өнімдермен жарақтандыру бойынша тиісті шешімдер қабылданған еді.

    Сондай-ақ президент биылғы 12 ақпанда Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдаған болатын. Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің түрлі бағыттағы екіжақты серіктестігі және өңірлік қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.