jitsu gif
Саясат

    Үкіметте жаңа министр ант берді

    Ерсайын Нағаспаев
    Ерсайын Нағаспаев. Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

    4 наурызда үкімет отырысында жаңа өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ант берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан халқы мен президенті алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның өркендеуіне арнауға, Конституция мен мемлекеттің заңдарын қатаң сақтауға. Барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын ұстанануға. Қазақстан халқына адал қызмет етіп, мемлекеттілікті және елімнің әлемдік қауымдастықтағы беделін нығайтуға салтанатты түрде ант етемін", - деп ант мәтінін оқыды жаңа министр Ерсайын Нағаспаев.

    Ант қабылдағаннан кейін премьер-министр Олжас Бектенов жаңа министрге жұмысына сәттілік тіледі.

    Еске сала кетейік, Ерсайын Нағаспаев 28 ақпанда өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.