jitsu gif
Саясат

    Алматыда Жириновскийге ескерткіш қойылатыны рас па: қалалық мәдениет басқармасының өкілдері жауап берді

    Владимир Жириновский
    Владимир Жириновский. Фото: Anton Novoderezhkin/TASS/Getty Images

    Алматыда марқұм ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге ескерткіш қойылуы мүмкін екені туралы ақпаратқа қатысты Алматы қалалық мәдениет басқармасының өкілдері жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін ресейлік БАҚ-та Алматыда марқұм саясаткер Владимир Жириновскийге ескерткіш қойылуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді.

    Алматы қаласы мәдениет басқармасы өкілдерінің мәлімдеуінше, ведомствоға Владимир Жириновскийге ескерткіш қою туралы өтініш түспеген.

    "Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия тиісті ұсынысты қарастырған жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

    Айта кетейік, Ресей либерал-демократиялық партиясының жетекшісі болған, танымал саясаткер, депутат Владимир Жириновский 1946 жылы Алматыда дүниеге келген.

    Ол ауыр және ұзаққа созылған дерттен кейін 2022 жылғы 6 сәуірде өмірден өтті.

    Кейін оның мемлекеттік думаның отырыстарында кигені қызыл пиджагы аукционға қойылды.  

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.