jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қауіпсіздік кеңесінің отырысы: Тоқаев барлық салалық ведомствоның жұмысын сынға алған

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Бүгін мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Жиын барысында барлық салалық ведомствоның атына сын-ескертпелер айтылып, егжей-тегжейлі талқылау өткен. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

    Руслан Желдібайдың Telegram-дағы арнасында жазуынша, мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы күресті және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған үйлесімді жұмысты күшейту қажет екеніне назар аударған.

    "Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң және тәртіп" қағидаты негізінде жұмысты ұйымдастырудың аса маңыздылығын атап өтіп, аталған салалардағы жағдайға талдау жасады.

    Президент азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, ел азаматтарын алаңдататын мәселелерді шешу үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігіне тоқталды.

    Мемлекет басшысы барша қоғамның мүддесі үшін үкіметке Әділетті Қазақстанды құру бағдарламасын іске асыруға күш салуды тапсырды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бүгін өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сай былтырғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылды.

    Қауіпсіздік кеңесінің отырысы: Тоқаев барлық салалық ведомствоның жұмысын сынға алған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.