jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкенттегі бір ауданның әкімі қызметінен босатылды

    Рашид Мыңбаев
    Рашид Мыңбаев. Фото: instagram.com/mynbaev_rashid

    Шымкенттегі әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы әл-Фараби ауданы әкімдігінің желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Құрметті әл-Фараби ауданының тұрғындары! Бүгін Рашид Мамытұлы Мыңбаев төрт жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы әкімі лауазымынан өз еркімен ресми түрде босатылды", - делінген хабарламада.

    Әкімдіктің мәліметінше, Рашид Мамытұлының бастамасымен әл-Фараби ауданында инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру және көріктендіру бағытында 199 балалар алаңшасы және 41 спорт алаңшасы, саябақтар мен гүлзарлар салынған.

    Рашид Мыңбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қызметінен босатылуына қатысты пікір білдіріп, өзіне сенім артқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен тұрғындарға алғысын айтты.

    "Алдағы уақытта да еліміздің игілігі жолында еңбек етуді жалғастырамын. Әрқайсыңызға амандық, сәттілік және жаңа табыстар тілеймін!" - деп жазды Рашид Мамытұлы Instagram-дағы парақшасында.

    Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттің Қаратау ауданына жаңа әкім тағайындалғанын хабарлаған едік.

    Шымкенттегі бір ауданның әкімі қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.