jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Вьетнам Компартиясының бас хатшысы астаналық сәбидің тұсауын кесті (фото)

    тұсаукесер
    Тұсаукесер. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам Астанадағы "Этноауыл" көрмесін аралады. То Лам "Этноауылда" cәбидің тұсауын кесті, деп хабарлайды Ақорда.

    Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын "Этноауыл" көрмесіне барды.

    Этноауыл көрмесі
    "Этноауыл" көрмесі. Фото: Ақорда

    Мәртебелі меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады.

    Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін паш етеді.

    Тол Лам
    Вьетнам Компартиясының бас хатшысы То Лам астаналық сәбидің тұсауын кесті. Фото: Ақорда

    Айта кетерлігі, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам "Этноауылда" cәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді.

    Еске сала кетейік, бүгін, 7 мамырда Вьетнам компартиясының бас хатшысы Астанадағы әскери парадты тамашалады.

    Вьетнам Компартиясының бас хатшысы астаналық сәбидің тұсауын кесті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.