jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды (фото, видео)

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті.

    Президенттік оркестр мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

    Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 мамырда Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған ауқымды әскери парадқа қатысып, сөз сөйледі.

    Әскери парадты Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Компартиясының бас хатшысы Тол Лам жұбайымен бірге тамашалады.

    Әскери парад кезінде Астана аспанына 70-ке жуық әскери авиация техникасы көтерілді.

    Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.